ИндонезиядаТауда қалып қойған 800 туристің арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

800

Индонезияның Ломбок аралында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болды. 14 адам көз жұмып, 160 адам жарақат алды.

ИндонезиядаТауда қалып қойған 800 туристің арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Индонезиядағы жер сілкінісінен кейін Ринджани жанартауы маңындағы тауда қоршауда қалған туристердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Джакартадағы біздің консулға Индонезия құтқару қызметтері ұсынған алдын ала ақпаратқа сәйкес, қаза болғандар немесе Ринджани тауында қалғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп атап өтілген ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарламасында.

Еске сала кетсек, Индонезиядағы жер сілкінісінен кейін Ринджани жанартауы маңындағы тауда 800 турист қамалып қалған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 шілдеде Матарам (319 мың тұрғын) қаласының төңірегінде күші 6,4  балдық жер сілкінісі болған еді. Зілзаланың ошағы 7,5 шақырым тереңдікте орналасқан. Kyodo агенттігінің ақпаратына сәйкес, зардап шеккен ауданда тербелісі 5,7-ге дейін 11 жерасты дүмпуі тіркелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу