Индонезияның Ломбок аралында болған қуатты зілзала салдарынан жергілікті әуежай жұмысын тоқтатты. Салдарынан мыңдаған турист еліне қайта алмауда.
Еске сала кетсек, Индонезияның туристер жиі келетін Ломбок аралында қуаты 7 балдық зілзала болып, салдарынан 100-ден аса адам ажал құшты. Жараланғандар 200-ге жуық. Қазір жергілікті тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілуде. Мыңдаған баспана үйіндіге айналды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу