Индонезияның батысында көшкін жүріп, кемінде сегіз адам қаза тапқан, деп хабарлайды 24.kz.
Қайғылы оқиға Батыс Ява елді мекенінде тіркелді. Үй қирандыларының астында 34 адам қалып қойғын. Жергілікті билік көз жұмғандардың саны артуы мүмкін деп отыр.
Айта кетейік, 22 желтоқсан күні Индонезияда цунами орын алып, 430 адам табиғаи апаттың құрбаны болған еді. Тағы 14 мың тұрғын зардап шекті.
Күтпеген қасіретке су асты Анак-Кракатау жанартауының атқылауы себеп болған. Бұл апат 5,3 магнитудалы жерсілкінісімен қатар келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу