Индонезияның қауіпсіздік министріне қастандық жасалды

924

Қылмысқа күдікті ретінде әзірге екі адам қамауға алынып отыр.

Индонезияның қауіпсіздік министріне қастандық жасалды

Пандегланг қаласына іссапармен келген Индонезияның қауіпсіздік министріне қастандық жасалды. Министр көліктен түсе бергенде оны белгісіз біреу үшкір затпен екі рет жарақаттап үлгеріп, одан кейін полиция өкіліне де шабуыл жасаған.

Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен тәртіп сақшылары қаскөйді дер кезінде қолға түсірді, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның әйелі де тұтқындалды.

Жарақат алған министр алдымен жергілікті ауруханаға жеткізілген еді. Бірақ кейіннен мамандар оны сол жерден Джакартадағы әскери госпитальға тікұшақпен алып кетті. 

Айта кетейік, Виранто үкіметте республиканың қарулы күш блогына жетекшілік етеді. Осыған дейін мамыр айында полицейлер елдегі бірқатар шенеунікке қастандық жасауды жоспарлаған алты адамды қамауға алған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу