Индонезияның Ява аралында лай көшкіні жүрді

1245

Индонезияның Ява аралында лай көшкіні жүрді

Индеонезияда соңғы бірнеше тәулік бойы толас таппаған нөсерден Ява аралында лай көшкіні жүрді. Табиғи апаттан 5 адам қаза тапты. Тағы 14-і жараланды. Бірнеше тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, көшкін егін алқабында жұмыс істеп жүрген 25 диқанды басып қалған. Лай арасынан табылғандары жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді. Қалғандарын іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әзірге құтқару операциясына ауыр техника тартылмаған. Мамандардың айтуынша, батпақ арасынан адамдардың тірі шығуы екіталай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу