inDrive негізін қалаушы Қазақстан азаматтығын алды

595

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.  

inDrive негізін қалаушы Қазақстан азаматтығын алды Фото: inDrive

inDrive негізін қалаған Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.

"Соңғы жылдары Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды кәсіпкерлер қоныс аударуда. Олар Қазақстанға көшіп қана қоймай, өз идеялары мен технологияларын белсенді түрде елімізге енгізетін, сондай-ақ өздерінің бизнес-активтері мен кеңселерін бізге көшірген көптеген жоғары білікті мамандарды, сарапшылар мен кәсіпкерлерді біздің елімізге әкеледі. Солардың бірі – бүгін Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын ресми түрде жариялаған inDrive негізін қалаушы және оның СЕО Арсен Томский", - деп жазды Мусин.

Оның айтуынша, бұл прогрестің негізі – IT-бизнесті тиімді жүргізу үшін жағдай жасалған халықаралық технопарк Astana Hub. Салықтық жеңілдіктер, жеңілдетілген визалық режим және заманауи инфрақұрылым әлемдік компаниялар мен IT-мамандарды елімізге тартуға бағытталған.

Сонымен қатар, Арсен Томский өзінің Telegram арнасында Қазақстан Республикасы үкіметінің шақыруымен ел азаматтығын қабылдағанын жария етті. 

"Қазақстан үкіметінің шақыруымен мен осы елдің азаматтығын қабылдадым. InDrive жаһандық компанияға айналды, жаһандық миссиясы мен стратегиялық мақсаттары бар. Бұнымен қоса, бас директоры, құрылтайшысы және негізгі акционері – бейтарап елдің азаматы болса, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі әлдеқайда жоғарылайды. Дегенмен, Якутия – менің Отаным, ал мен саха болып қаламын, мен республиканың өмірін жақсарту үшін аянбаймын. ІnDrive неғұрлым табысты болса, соғұрлым Якутияға көп пайдам тиеді – табысымның барлығын дерлік көбіне коммерциялық емес жобаларымызға жұмсаймын, оған қоса олардың барлығы да Якутиядан бастауын алды десе болады", – деп түсіндірді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу