Индустрия министрі кәсіпкерлерді импортты алмастыратын жобаларға қатысуға шақырды

777

Бизнес иелеріне жеңілдетілген қаржылық қолдау ұсынылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Индустрия министрі кәсіпкерлерді импортты алмастыратын жобаларға қатысуға шақырды

Ведомство басшысының айтуынша импортты алмастыратын жобаларға жеңілдетілген қаржылық қолдау ұсынылады. 

Атап айтқанда, шағын және орта бизнес үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларына пайыздық мөлшерлеме 3-7%-ға дейін болмақ.

Жеңіл шарттармен қаржылай қолдау алу үшін:
- Жобаның басым бағыттарға сәйкес келуі (міндетті түрде қайта өңдеу саласына жатқызылуы);
- Шағын және орта бизнес субъектісі болуы (ҚДБ қаржылық қолдауын пайдаланатындарды қоспағанда) тиіс.

"Бағдарлама биыл жаздың ортасында іске қосылады. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін БАҚ-та ақпарат ашық жарияланады. Құрметті бизнес қауымдастықтардың өкілдері, егер жобаларыңыз көрсетілген негізгі өлшемдерге сәйкес келсе, көрсетілген тікелей орындаушыларға хабарласуды сұраймыз. Барлық мәселелерді өз құзыретіміз шеңберінде қарастырып, пысықтауға дайынбыз", – деп мәлімдеді министр.

Қайырбек Өскенбаев сондай-ақ бірінші кезеңде 131 негізгі жобаны іске асыру 5,6 трлн теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін, оның 1,3 трлн теңгесі ғана бюджеттік несие түрінде бөлінетінін айтты.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу