Индустрия министрлігінде қоғаммен байланыс орнату үшін ашық сағаттар өткізіледі

552

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бастамасымен "Ашық сағат алаңы" ашылды.

Индустрия министрлігінде қоғаммен байланыс орнату үшін ашық сағаттар өткізіледі

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі қадамы  қоғаммен кері байланыс орнату. Осы орайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде, Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен "Ашық сағат алаңы" ашылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Онда жаңа жобалар, проблемалық мәселелер мен бастамалар талқыланып, сүзгіден өтеді.

Онлайн форматта өтетін кездесуде, кәсіпкерлер мен азаматтық қоғам өкілдері, толғандырып жүрген сұрақтарын министрліктің жауапты қызметкерлеріне қоя алады. Өзекті әрі қызықты тақырыптағы жиындарға ақпарат өкілдері де шақырылады.

Алғашқы кездесуге министр Қайырбек Өскенбаевтың өзі қатысып, отандық машина жасау өнеркәсібіндегі мәселелерді талқыға салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу