Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтемемен inbusiness.kz хабарлайды.
Ерболат Мұқаев 1961 жылы Орал облысында туған. Гурьев педагогикалық институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. Мамандығы бойынша физика пәнінің мұғалімі, саясаттанушы, экономист.
Еңбек жолын 1979 жылы орта білім беру мекемелерінде оқытушылық қызметтен бастаған.
1985-1992 жж. Орал облысының комсомол және партия ұйымдарында жұмыс істеді.
1992-1993 жж. — Орал облысы Фурманов аудандық статистика бөлімінің бастығы.
1993-1996 жж. — Орал облысы Фурманов аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.
1996-2001 жж. Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерде еңбек етті.
2001-2005 жж. — Орал қаласында облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2007 жж. — Орал қаласы әкімінің орынбасары.
2007-2008 жж. — Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2020 жж. — төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымындағы Парламент Сенатының депутаты.