Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

1007

Жанжігіт Омархан бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметiн атқарды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ж.Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде "Журналистика" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша білім алған, сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Журналистика" мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы "Астана" телеарнасында бастады. Онда журналист-редактор және бағдарламалар жүргізушісі болып жұмыс істеді.

2011-2015 жылдар аралығында "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасы және "Еуразия - Бірінші арнасында" бағдарламалар мен ток-шоулардың жүргізушісі.

2016 жылы – "Астана" телеарнасының "Өзекті" авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысының "Өңірлік коммуникациялар қызметі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.

2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу