Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

1156

Олжас Әділұлы еңбек жолын 2007 жылы "СЕЕ Автоматика" ЖШС автоматтандыру жөніндегі инженері болып бастаған.

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Олжас Әділұлы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Олжас Әлібеков 1984 жылы Қарағанды облысында туған.

2007 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін "Есептік техникамен желілік багдарламалар және аппараттық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша тәмамдаса, 2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы "СЕЕ Автоматика" ЖШС автоматтандыру жөніндегі инженері болып бастаған.

2010 жылы "ҚазақЭнергоСараптама" АҚ орталық аппаратының стратегиялық талдау басқармасының менеджері болып жұмыс істей бастады, кейіннен энергия үнемдеу және энергия тиімділігі департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

2014-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының басшысы лауазымында еңбек етті.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама) АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу