Инфекционист дәрігер көпшілік талқысына түскен препарат туралы ойымен бөлісті

1438

Профессордың сөзінше гидроксихлорохин вирусқа қарсы жақсы әрекет етеді. 

Инфекционист дәрігер көпшілік талқысына түскен препарат туралы ойымен бөлісті

Инфекциялық аурулар жөніндегі жетекші маман, профессор Динагүл Баешева көпшілік талқысына түскен гидроксихлорохин препараты барлық науқастарға қатарынан қолданылмайтынын айтады. 

"Гидроксихлорохинге қатысты халықаралық тәжірибемен ғана шектеліп қалмаймыз. Бүгінгі күні біздің өзімізде де жақсы тәжірибе бар. Вирусқа қарсы басқа препараттар қолдануға келмейтін кейбір емделушілерге гидроксихлорохинді пайдалану бұл препарат вирусқа қарсы жақсы әрекет ететінін көрсетті. Сондықтан біз оны барлық науқастарға қатарынан емес, клиникалық-зертханалық көрсеткіштердің ауырлығын ескере отырып пайдаланамыз", – деген Динагүл Баешева халықаралық тәжірибеге тоқталды.

"Ол Еуропада да, АҚШ-та да кеңінен қолданылады. Аталған елдерде бұл препарат адам өліміне алып келмейтіні дәлелденді. Біз оны 5 күн бойы науқас үшін қауіп-қатер мен пайданы ескере отырып пайдаланамыз. Қазіргі кезде жақсы нәтижелер көріп отырмыз, сондықтан ол хаттамада бар және біз оны қолданамыз", – деді инфекциялық аурулар маманы. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу