Инфекциялық стационарда 493 науқас өте ауыр жағдайда жатыр

1022

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Инфекциялық стационарда 493 науқас өте ауыр жағдайда жатыр

Оның сөзінше, мамандарды стационарға жатқызылған науқастардың жағдайы алаңдатады. 

"Инфекциялық стационарда 596 науқас ауыр жағдайда жатыр. 493 науқастың жағдайы өте ауыр, 103 науқастың жағдайы аса ауыр. 83 науқастың өкпесі жасанды желдеткішпен қамтамасыз етілген", – деді басқарма төрағасының орынбасары. 

Айнагүл Қуатбаеваның дерегінше, соңғы бір аптада ауруханаға ауыр жағдайда түсетін науқастардың саны артқан. 

"Статистикалық мәліметтерді талдайтын болсақ, соңғы 7 күнде жұқпалы аурулар стационарларында төсекпен қамтамасыз ету 25%-дан 29%-ға, реанимациялық төсектің қажеттілігі 20%-дан 24%-ға ұлғайды", – деді қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу