Инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

578

Коронавирусқа шалдығу көрсеткіші төмендеп келеді.

Инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

Түркістан облысында инфекциялық төсек-орындар саны 3600 болса, бүгінде оның саны 2000-ға қысқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде төсек-орын жүктемесі – 33%.

"Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 індетінің 34 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім – 0.25%. Сондай-ақ егу науқаны басталғалы 800 мыңнан астам адам вакцина салдырған.

Қазір облыс аумағында 141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу