Инфекциялық стационарлардың 20%-ында науқастар ем қабылдауда

678

Солтүстік Қазақстанда ауруханалар 37%-ға бос емес. 

Инфекциялық стационарлардың 20%-ында науқастар ем қабылдауда

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елдегі инфекциялық стационарлар жайы туралы сөз қозғады. 

"4 қарашадағы жағдай бойынша республикада инфекциялық 12 767 төсек-орын, карантиндік 7136 төсек-орын, жансақтау бөлімінде 1245 орын бар. Қазіргі кезде республикада инфекциялық стационарлардың 20%-ы бос емес. Өңірлерде орын саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда тіркелген. Мұндай ауруханалар 37%-ға бос емес. Ал Батыс Қазақстан облысында 30%, Нұр-Сұлтан қаласында 30%-ға бос емес", – деді вице-министр. 

Ал жансақтау бөлімдерінің 17%-ында сырқаттанғандар ем қабылдауда. 

"Ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда тіркелді, яғни 38%, Шығыс Қазақстан облысында  – 29%, Нұр-Сұлтан қаласында 28%-ында науқастар жатыр", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу