Инфляция 1,3% баяулады

352

Жылдық мәнде 14,6% болды.

Инфляция 1,3% баяулады Фото: dzhk.kz

Ұлттық стаститика бюросының  мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына бір жылда – 14,6% (2023 жылғы мамырда – 16,5%), азық-түлік емес тауарларға – 15,8% (2023 жылғы мамырда – 17,2%), ақылы қызметтерге 13,3% (2023 жылғы мамырда – 13,5%) өсті.

Өткен жылғы маусыммен салыстырғанда бағаның өсуі күрішке – 47,6%, қиярға – 33,4%, шақпақ қантқа – 32,2%, минералды суға – 29,1%, сұлы жармасына – 24,3%, макарон өнімдеріне – 24,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 24%, жұмыртқаға – 23,1%, қаймаққа – 23%, майлылығы 2,5% айранға – 22,6%, ұнтақ жармаға – 22,5%, пастерленген сүтке – 21,6%, пиязға – 18,7%, сары майға – 16,6%, қара бидай-бидай нанына 15,6% белгіленді. Бағаның төмендеуі қырыққабатқа 13,8%, құмшекерге – 11,5%, сәбізге – 9,5%, картопқа – 9,1% байқалды.

Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 67,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 36,2%, жеке қолданылатын тауарларға – 24,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 20,3%, ыдысқа – 18%, киім және аяқ киімге – 15,7%, құрылыс материалдарына 13,5% өсті. Дизель отыны 36,1% қымбаттады.

Тұрғын үйді жалға алу құны 25,4% өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 24,3%, санаторийлер қызметтеріне – 20%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 16,9%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 15,1%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,8%, білім беру қызметтеріне – 14%, қонақ үйлер қызметтеріне 12,6% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігі қызметтері – 26,5%, әуе көлігі қызметтері 22% қымбаттады.

Тарифтер қоқыс шығаруға – 31%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 21,4%, орталықтан жылытуға – 10,1%, электр энергиясына – 8,6%, ыстық суға 5,3% өсті.

Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы маусымда жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Ұлытау (15,9%-дан), Ақмола облысы, Астана қаласында (15,8%-дан), Маңғыстау облысында (15,6%), Шығыс Қазақстан (15,3%), Павлодар (15%), Абай, Жетісу, Қостанай облыстарында (14,7%-дан) қалыптасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу