Инфляция 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғыдан асып түсті – Қасым-Жомарт Тоқаев

524

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Инфляция 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғыдан асып түсті – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті", – деді отырыстың ашылуында президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу