2023 жылдың мамыр айында елде жылдық инфляция баяулап, 15,9%-ды құрады (сәуірде – 16,8%). Аймақтар бойынша инфляция барлық 19 өңірде бәсеңдеді. Ал 1 өңірде (Ақмола облысы) бұрынғы 17,6% сақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық Банкке сілтеме жасап.
Жылдық инфляцияның ең жоғары көрсеткіші Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
"Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 16,5%-ға дейін баяулады. Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (20,7%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (14,3%) мейлінше төмен өсті.
Мамырда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,5%-ға дейін баяулады (сәуірде – 13,7%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ақмола облысында (18,1%) біршама жоғары, Астана қаласында (10,2%) айтарлықтай төмен өсті", - делінген хабарламада.
2023 жылғы мамырда елде айлық инфляция 0,6%-ға өсті.