Инфляция баяулай бастады – Ұлттық банк

Дегенмен, көрсеткіш әлі де тарихи орташа деңгейден (2017-2021жж. наурызда 0,6%) жоғары. 

Инфляция баяулай бастады – Ұлттық банк Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың наурыз айында жылдық инфляция өткен жылғы жоғары базаның есептен шығуынан күтілгендей 18,1%-ға дейін төмендеді. 

"Сонымен қатар, инфляцияның баяулауы ақпандағы реттелетін қызметтер тарифінің және оңтүстік өңірлерде егіннің жойылып, үсікке тап болуына байланысты жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бағасының өсуімен, сондай-ақ жоғары сұраныс жағдайында көлік қызметі құнының өсуімен шектелді. 2023 жылғы ақпанда айлық инфляцияның төмендеу динамикасы тоқтағаннан кейін (а/а 1,3%) наурызда 0,9%-ға дейін одан әрі төмендегенін көрсетті. Дегенмен, ол тарихи орташа деңгейден (2017-2021жж. наурызда 0,6%) жоғары қалыптасуын жалғастырып келеді", – деп хабарлады бас банк. 

Ұлттық банк дерегінше, инфляцияның орнықты бөлігі де баяулауды көрсеткенімен, проинфляциялық ортаның сақталуын дәлелдеп, әлі де жоғары қалпында қалып отыр.

"Қаңтар-ақпан айларында инфляциялық күтулер төмендегеннен кейін қайтадан жеделдеді. Наурызда бір жылдан кейін күтілетін инфляция респонденттер тарапынан 16,5% деңгейінде бағаланды (ақпанда – 14,2%). Инфляциялық күтулердің факторларына – азық-түлік бағасының өзгеруі, сыртқы оқиғалар, теңге бағамының өзгеруі, сондай-ақ жалақы мен зейнетақының өсуі жатады", – деп хабарлады ҰБ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу