Жоғары базалық ставка және инфляция теңгелік активтерге деген сұранысты арттырады. Мысалы, биыл мемлекеттік бағалы қағаздарға шетелдік инвесторлар 460 млрд теңгеден астам ақша құйған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға көп. Бұдан шығатын қорытынды теңгедегі активтерге деген сұраныс артып келеді.
Бұған дейін шетелдік инвестицияның өсімі 2021 жылы қарашада болған. Ол кезде елімізге 800 млрд теңгеден астам қаражат құйылған еді. Кейін желтоқсаннан бастап, ақша кері кете бастаған. Сарапшылардың болжауынша, АҚШ-тың қор жүйесі ставкасын түсірген сайын теңгеміздің тартымдылығы арта бермек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу