Инфляция Ұлттық банктің болжамына сәйкес қалыптасты – Ерболат Досаев

916

Үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлеуметтік-экономикалық даму және 2020 жылғы республикалық бюджетті орындау қорытындысы бойынша баяндама жасады.

Инфляция Ұлттық банктің болжамына сәйкес қалыптасты – Ерболат Досаев

"Жылдық инфляция 2020 жылдың соңында 7,5%-ға дейін жылдамдап, Ұлттық банктің 7,0-7,5% деңгейіндегі болжамына сәйкес қалыптасты. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы ықпал етті. Өсімдік майы, жұмыртқа, қант сынды жекелеген тамақ өнімдері бағасының теңгерімсіздігі күшейді. Ақылы қызмет инфляциясы қоғамдық тамақтану қызметі мен қонақ үйде қызмет көрсету бағасының өсуіне байланысты 4,1%-дан 4,2%-ға ұлғайды", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу