"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінде инфляция мәселесіне ерекше көңіл бөліп, бағаларды тұрақтандыру міндетін қойды. Инфляция деңгейі былтыр қыркүйектегі 8,9%-дан желтоқсанда 8,4%-ке төмендеді. Бірақ бұл да жоғары көрсеткіш. Бұл адамдардың сатып алу қабілетін төмендетіп, жалақыларының құнсыздануына әсер етеді. Тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік саясатының тиімділігін төмендетеді. Сондықтан инфляция мен баға тұрақтылығына ерекше маңыз берілді", – деді Үкімет басшысы.