Инфляция жыл басынан бері Ұлттық банк айқындаған аралықта - Ұлттық банк

866

Инфляция жыл басынан бері Ұлттық банк айқындаған аралықта - Ұлттық банк

Инфляция жылдық көрсеткіш бойынша жыл басынан бері Ұлттық банк айқындаған аралықта (6-8%). Қарашада жылдық инфляция 7,3% болды, жинақталған инфляция 11 айда 6,3% деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Астана қаласында "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң жобасын таныстыруға арналған брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"Биылғы жылдың қорытындысы бойынша инфляция нысаналы дәліз шегінде сақталады және 2018 жылы жаңа нысаналы бағдарға: жыл қорытындысы бойынша 5-7%-ға біртіндеп өтетін болады", - деді Ұлттық банк басшысы.

Ұлттық банк төрағасы биыл жыл басында және соңында энергия тасымалдауыштардың қымбаттауы инфляцияға қысқа мерзімді ықпал еткенін атап өтті. Жыл басынан бері инфляцияға тікелей үлес 1 пайыздық тармақтан асқан жоқ, бірақ тауарларды тасымалдаудың, коммуналдық қызметтердің өзіндік құнының қымбаттауы түріндегі қосалқы әсерлерді ескерсек, ол аздап жоғары болған болар еді. Тұтастай алғанда, инфляцияның өзгермелі құрауыштарының әсері аз болып табылады.

"ҚР ҰЭМ статистика комитетінің деректері бойынша жалпы инфляция 7,3% болған кезде, жеміс-көкөніс, реттелетін қызметтер және энергия тасымалдауыштар сияқты жекелеген құрауыштарды есептемегендегі базалық инфляция көрсеткіші жылдық көрсеткіш бойынша қарашада 6,2%-ды құрады", - деп қорытындылады сөзін Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу