Инфляцияға қарсы шаралар топтамасы жүзеге асырылып жатыр

744

Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2022-2026 жылдарға арналған болжамына сәйкес, инфляция 2022 жылы – 4-6%, 2023-2024 жылдары – 4-5%, 2025-2026 жылдары – 3-4% деңгейінде болады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Инфляцияға қарсы шаралар топтамасы жүзеге асырылып жатыр

"Бұл таргеттер ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес келеді", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, жыл соңына қарай инфляция 6-7%-ды құрайды. 

"Қыркүйекте ұсынылатын кезекті болжамды раундтың қорытындысы бойынша инфляцияны бағалау нақтыланады. Мемлекет басшысының шілдедегі тапсырмасына сәйкес, қазір үкіметпен бірлесіп, инфляцияға қарсы шаралар топтамасын жүзеге асырып жатырмыз", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу