Инфляцияның айлық динамикасы төмендеп келеді

Алайда азық-түлік бағасының қымбаттауы инфляцияның өсуіне үлес қосуда. 

Инфляцияның айлық динамикасы төмендеп келеді Фото: zakon.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022  жылғы наурыз айындағы ең жоғары мәнге (3,7%) жеткен соң төмендеп келеді. Биылғы қаңтарда айлық инфляция біртіндеп 1,1%-ға дейін төмендеді. Бұған қарамастан, ол орташа жылдық мәннен едәуір асатын деңгейде қалып отыр", – деді Ұлттық Банк өкілі.

Берік Шолпанқұловтың айтуынша, жылдық мәнде инфляция биылғы жылғы қаңтарда 20,7%-ға жетті.

"Жылдық мәнде 25,7%-ға жеткен азық-түлік бағасының артуы инфляцияның өсуіне көптеп үлес қосып отыр. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорт тауарларының қымбаттауы мен оларға сұраныстың сақталуына байланысты 20,2%-ға дейін жеделдеді. Ақылы қызметтердің инфляциясы 14,2%-ға жетті. Логистиканың өзгеруіне, жоғары инфляциялық күтулерге, сұранысты фискалдық қолдауға және кредит берудің ұлғаюына байланысты инфляция өсуін жалғастырып келеді. Сақталып отырған тәуекелдер базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде ұстап тұруды талап етеді", – деді Берік Шолпанқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу