Инфляцияның ең жоғары деңгейі Ақмола облысында тіркелді

2023 жылғы қазандағы жылдық инфляция деңгейі 10,8%-ды құрады. 

Инфляцияның ең жоғары деңгейі Ақмола облысында тіркелді Фото: Inbusiness.kz

Қазақстанда инфляцияның баяулауы жалғасуда. Бір жыл ішінде көрсеткіш 8%-ға төмендеп, 10,8%-ды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда азық-түлік тауарлары 10,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар 11%-ға, ақылы қызметтер 11,1%-ға қымбаттады.

  • Қырыққабат – 69,1%, жүзім – 46,7%-ға, күріш – 40,3%-ға, апельсин – 28,1%-ға, сәбіз – 22,4%-ға, минералды су – 21,1%-ға, пастерленген сүт – 17,2%-ға, айран – 16,3%-ға, қаймақ – 15,6%-ға, нан және ұн өнімдері – 14,6%-ға қымбаттады.
  • Қарақұмық жармасы – 20,1%-ға, қант – 16%-ға, күнбағыс майы – 16,2%-ға арзандады.
  • Парацетамолдың құны – 70%-ға, ацетилсалицил қышқылы – 32,3%-ға, йод – 21,5%-ға қымбаттады.
  • Жеке тауарлар – 16,6%-ға, жиһаз және тұрмыстық заттар – 15,2%-ға, жуғыш және тазалау құралдары – 13,9%-ға, ыдыс-аяқ – 13,7%-ға, киім-кешек пен аяқ киім – 12%-ға, құрылыс материалдары – 8,4%-ға қымбаттады.
  • Дизельдік отын бағасы – 35,1%, сұйытылған газ – 12,8%, көмір – 12,6% өсті.

Бағалар санаториялық-курорттық қызмет көрсетуге – 15,7%-ға, кешенді демалыс ұйымдарына, денсаулық сақтау қызметтеріне – әрқайсысы 14,3%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелеріне – 14,2%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласында – 13,9%-ға, қоғамдық тамақтану қызметтеріне – 13,9%-ға артты.

Темір жол және әуе жолаушылар көлігі қызметтері 7,9% қымбаттады.

Қоқыс шығару тарифтері 32%, су бұру – 27,6%-ға, ыстық су – 16,9%, суық су – 16,4%-ға, электр қуаты – 12,3%, орталықтан жылыту – 10,1%, тұрғын үйлерді күтіп ұстау бағасы – 9% өсті.

Өңірлер бойынша өткен айда инфляцияның ең жоғары деңгейі Ақмола облысында – 12,7%, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,1%, Жетісу облысында – 11,7% тіркелді.

2023 жылдың қыркүйегінде инфляция 11,8%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу