Инфляцияның өсуіне сыртқы фактор әсер етті

1077

Cенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляцияның өсуіне не түрткі болғанын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Инфляцияның өсуіне сыртқы фактор әсер етті

"Дүниежүзінде шикізаттың және көлікпен тасымалдау құнының өсуі инфляциялық қысымды күшейтті. Биыл қазан айында өсімдік майы, бидай мен сүт өнімдерінің қымбаттауының салдарынан БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы бағасының индексі 3%-ға өсіп, 133,2 тармаққа жетті. Металл шамамен 1,5 есе қымбаттады. Контейнер тапшылығынан құрғақ жүкті тасымалдау құны 2020 жылғы мамырдан бастап 7 есе өсті", – деді Ерболат Досаев. 

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Қазақстанда инфляцияның өсуіне сыртқы фактор әсер етті.  

"Биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап елімізде инфляция тұтынушылық белсенділіктің тез қалпына келуі, экономиканы фискалдық ынталандырудың жалғасуы және жекелеген тауар нарығындағы теңгерімсіздіктің салдарынан өсті", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу