Еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет. Бұл платформа "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылған. Оның интерфейсі оңай әрі қарапайым, формаларды толтыру небәрі 15 минут уақыт алады.
InfoKazakhstan платформасына кірген бойда деректеріңіздің бір бөлігі (кәсіпорын атауы, БСН) ЭЦҚ арқылы автоматты түрде жүктеледі, ал қалған формаларды толтыру небәрі 10-15 минут уақыт алады.
Кері байланыс "Атамекен" ҰКП 1432 бірыңғай байланыс орталығы және @InfoKazakhstanbot телеграм-бот арқылы. Сұратымдар мемлекеттік және орыс тілдерінде жедел өңделеді.
Толық ақпарат https://t.me/infokazakhstan телеграм-каналы арқылы хабарланады.