Информатикадан халықаралық олимпиадада оқушыларымыз 4 медаль алды

680

Жарысқа 90-ға жуық елден 350-ден астам оқушы қатысқан.

Информатикадан халықаралық олимпиадада оқушыларымыз 4 медаль алды

Индонезияда өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI) қазақстандық оқушылар 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды құттықтады.

"Бұл беделді олимпиадаға біздің 4 оқушы қатысты. 90-ға жуық елден келген 350-ден астам қатысушының басын қосқан жарыста 4 оқушымыз да жүлделі орындарға ие болды.

Оралдық Жамбыл Мақсотов пен семейлік Мұхаммадариф Сахмолдин күміс, ал алматылық Ван Ли мен Таймас Қорғанбаев қола жүлдені иеленді.

Осылайша, қазақстандық оқушылардың 2022 жылы ең беделді халықаралық олимпиадаларда жеңіп алған медальдарының саны рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстан құрамасының қоржынында 27 медаль бар, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола", – деп жазды министр.

Сондай-ақ биыл алғаш рет халықаралық жарыстардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы мен ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-да оқуға грантқа ие болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу