Инфрақұрылымды дамытуға 140 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған

774

 Инфрақұрылымды дамытуға 140 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған

"Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев, мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен "Kazakh Tourism" ҰК төрағасы Рашид Күзембаев ішкі және сыртқы турзимді дамыту, сондай-ақ туристік бизнесті қолдау тақырыбын талқылады, деп хабарлайды atameken.kz.

Вице-министр Ерлан Кожағапанов туризм саласына әлі күнге дейін лайықты деңгейде көңіл бөлінбей отырғанына назар аударды. Ол ешқандай нақты даму бағдарламасы, тиісті заң болмастан бір мекемеден екінші мекемеге 12 рет беріліп келген. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін туризм саласы үкіметтің жобалық кеңсесіне "олимпиадалық трассаның" негізгі 6 басымдығының қатарына және 2022 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегиясына енді. Қазіргі таңда салалық министрлікті ҚР туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасы мен тиісті заң жобасы дайындалуда. Мекеменің атап өтуінше, "Атамекеннің" бизнес-бастамалары аса құнды әрі өзекті. Оның үстіне ҚР президенті осы жұмысқа Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуын тапсырған.

Ұлттық палата басшысы Қазақстан туристификациясының бірыңғай картасынан бөлек, туристік сұранысқа ыңғайлау, туристік бизнестің дамуы үшін инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі үшін жергілікті жерде сервис деңгейін арттыруда өңірлік туристификация картасының болуы маңызды екенін атап өтті. Әкімдіктер осы жұмысқа белсенді қатыстырылуға тиіс, мемлекеттік бюджеттен таяу жылдары инфрақұрылымды дамытуға арнап жалпы 140 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

"Мемлекет инфрақұрылым құру және ел брендін ілгерілету мақсатында ауқымды қаражат бөліп отыр. Біздің міндетіміз осы бөлінген қаржы, нәтижесінде міндеттердің бірі – азаматтарға мәдени, белсенді және қол жетерліктей демалыс пен сауығу мүмкіндігін беруді шешу үшін мақсатына қарай тиімді жұмсалуы керек", – деді Ұлттық палата басшысы.

Тимур Құлыбаевтың пікіріне сүйенсек, қазіргі таңда маңыздысы – барлық жүйелі мәселелер мен бағыттар халықаралық ереже мен нормаға сәйкес кәсіби нақты есеппен ескерілген Бас жоспар дайындау.

"Барлығын да кешенді ойластырған маңызды. Бұл сала жүйелілікпен ғана жұмыс істейді – бір жағы босаңсыса – механизм істен шығады. Барлық жерде жол, кәріз, қонақ үй саны, демалыс үйлері, шипажайлар – кез келген адамның қалтасына қарай, ортақ сәулет стилін ұстанған инфрақұрылым құрылып немесе модернизацияланып, кеңейтілуі тиіс. Заманауи таза ғимараттың болғанын ескерген маңызды, мысалы Бурабайға туристердің көптеп келуі сол өңірдің экологиясын бұзуы мүмкін", – деп атап өтті "Атамекен" басшысы.

Тимур Құлыбаев мемлекеттік орган өкілдерін туристификация картасын тұрғындар мен өңір кәсіпкерлерінің пікірін ескере отырып дайындауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу