2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

"Інілерімді қимай жүрегім ауырып...": Димаш Құдайберген Каспий теңізінде қаза тапқан әскери қызметшілерге жазба арнады

Танымал әнші "елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын!" дейді.  

"Інілерімді қимай жүрегім ауырып...": Димаш Құдайберген Каспий теңізінде қаза тапқан әскери қызметшілерге жазба арнады Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында оқу-жаттығу кезінде жан тапсырған сарбаздардың туған-туыстарына көңіл айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жастағы інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын. Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені… 

Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін. Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын. Е Алла, құдіреті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын… Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым, – деп жазды ол. 

Бұған дейін әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты іс бойынша 5 лауазымды тұлғаның ұсталғанын жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу