Інісін өлтірген жас жігіт отбасын қылмысты жасыруға көндірген

946

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.   

Інісін өлтірген жас жігіт отбасын қылмысты жасыруға көндірген

Алматы облысында інісін өлтірген азамат, мұны өз-өзіне қол салу деп атап, қылмыстық жауапкершіліктен жалтармақ болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

29 тамыз күні Талғар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бесағаш ауылының 19 жастағы тұрғыны мойынынан пышақ жарақатын алып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген туыстары тергеушілерге жігіттің өзі мойнына пышақ сұғып алды деп түсіндірді. 

"Бірақ тәжірибелі із кесушілер бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізе отырып, інісін 21 жастағы ағасы өлтіргенін анықтады. Күдікті анасымен жанжалдасқан, ал оны қорғамақ болған інісінің мойынына пышақ тығып алған", - деп хабарлады облыстың ДП баспасөз қызметі.  

Осыдан кейін жас жігіт өзінің туыстарын жағдайды суицид деп атауға көндірген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу