Қазақстан құрамасының қоржыны бағалы алтынмен толықты. Байдаркамен 200 метрге жарысудан инна клинова Азиада чемпионы атанды, деп хабарлайды olympic.kz.
Қазақстандық спортшының нәтижесі – 42.045. Ол қытайлық қарсыласынан 0.462 секундқа озып кетті. Қола жүлде жапониялық спортшының еншісінде.
"Мен жеңіске жетемін деген мақсат қойдым. Өйткені, бұл еліміз үшін маңызды дода. Сондықтан, психологиялық тұрғыдан аздап қиындық туды. Барлығы осылай аяқталғанына ризамын. Енді төрт адамдық жарыста барымды саламын. Қолдауларыңызға рахмет! Бұл жеңісімді барша Қазақстан халқына және Денис Теннің рухына арнаймын", - деді Клинова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу