Инновацияларға жол ашу үшін дағдарысты пайдалану керек – Дүниежүзілік банк

966

25 маусымда банктің кезекті онлайн брифингі өтті.

Инновацияларға жол ашу үшін дағдарысты пайдалану керек – Дүниежүзілік банк

Инновациялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында коронавирус дағдарысын пайдаланып қалу керек. Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук 25 маусымда өткен банктің онлайн баспасөз мәслихатында осылай деді. Бұл брифингте "Орталық Азиядағы Covid-19: кедейшілік пен әлеуметтік-экономикалық салдары" деген тақырып талқыланды.
Бурунчуктың сөзінше, пандемия кезінде Орталық Азияда жаңа инновациялардың пайда болғаны туралы айту әзірге ерте екен. 

"Менің ойымша, пандения кесірінен пайда болған қазіргі ахуал жаңа инновацияларға жол ашады. Мысалы, қазақстандық ғалымдар сандық анализді қолдану арқылы Covid-19 анықтауға арналған өкпені рентгенге түсіру жобасын таныстырды. Бұл жобаға Дүниежүзілік банк қолдау білдірді", – деді ол.

Сонымен қатар Бурунчук қазіргі таңда өзекті деп саналатын бірнеше инновациялардың бар екенін жеткізді.

"Банктің инновацияларды қолдау бойынша бірнеше жобасы бар. Мұндай жобалар Қазақстанмен қатар Өзбекстанда да бар, жақын арада дайын болады", – деді Дүниежүзілік банктің өкілі.

Табиғат Нұрболат

Фото: ideadrop.co

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу