Алматы 2016-2017 жылдардағы дамушы нарықтар санаты бойынша 15 үздік инновациялы қала рейтингіне енді, деп хабарлайды LS.
innovaкһtion-cities.com көрсеткіштеріне сәйкес, шаһар Астананы 20 орын артқа тастап (35-орын) 15-орынға жайғасты. Алматының даму жылдамдығы 49%, ал Астананікі - 28% деп айқындалған.
Алматы Киевті (18-орын), Бакуді (20-орын), Тбилиси (21-орын) және Бішкекті де (30 орын) басып озды.
Үздік бестікке Дубай, Абу-Даби, Кейтаун, Доха және Каир еніп отыр.
Дей тұрғанмен emerging markets-те жақсы көрсеткішпен көрінген Алматы жаһандық рейтингіде 405-ші, Астана – 472-орында тұр. Ал Мәскеу мен Санкт-Петербор 43-ші және 75-орындарға жайғасыпты. Үздік он қала қатарынан Лондон, Нью-Йорк, Токио, Сан-Франциско, Сан-Хосе, Бостон, Лос-Анжелес, Сингапур, Торонто, Париж көрінді.
Аталмыш тізімді 500-ші болып Кишнаса (Конго Республикасы) тәмамдайды.