Инновациялық 80 жобаға 700 миллиард теңге бөлінген

961

Инновациялық 80 жобаға 700 миллиард теңге бөлінген

Жыл соңына дейін елде инновациялық бағыттағы 80 жоба жүзеге асырылады. Оған 700 млрд теңге бөлініп отыр. Бүгін үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осыны мәлімдеді.

 

Водомство басшысы жалпы 7 жылда 5,5 трлн теңгеге мыңға жуық жобаға іске қосылғанын айтады. Нәтижесінде, 100 мыңнан астам жұмыс орыны ашылған. Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша, 800 млрд теңгеге 52 жоба іске қосылып, 4,5 мың адам тұрақты еңбекпен қамтылған. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, биылғы жылы қатаң бақылауға алынған 72 проблемалық өндірістің 11-і қызметін ресми тоқтатыпты. Қазір бұл зауыттарды қайта бейімдеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Жеңіс Қасымбек, ҚР инвестициялар және даму министрі:
"Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Олар 682 млрд теңгеге 157 жобаны жүзеге асырды. Өндіріс көлемі 1,4 трлн теңгені құрады, ал салық шегерімдері 112 млрд теңгеге жеткен. 11,6 мың жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар биыл тағы 100 млрд теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 24 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұған қоса, алдағы уақытта тағы 20 жобаның құрылысы басталады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу