Инновациялық гранттарды алуға өтінімдер 2 тамыздан бастап қабылданады

623

Инновациялық гранттарды алуға өтінімдер 2 тамыздан бастап қабылданады

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында инновациялық гранттарды алуға өтінімдер 2 тамыздан бастап қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

Спикердің сөзінше өтініштерді word форматында және Digital Baiterek интернет порталы арқылы онлайн режимде 2 қазанға дейін жодауға болады.
"Біз бизнес процестерді қайта инженерлеуден өткіздік және гранттарды беру шарттарын жақсарттық. Егер бұрындары бизнес үшін жиі тартымсыз болып табылатын және соңғы өнімді шығаруды қарастырмайтын гранттың 9 түрі қарастырылған болса, ал бүгінгі таңда, оларды қаржыландыруды шектеу айтарлықтай ұлғайып үш түрге топтастырылды", – деп атап өтті "ТДҰА" АҚ басшысы Марат Омаров.
Сонымен қатар Марат Омаров үш топқа бөлінген грант түрлерінің әрқайсына тоқталып өтті. Ол Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялық дамуына инновациялық гранттарды берудің жаңа ережелеріне сәйкес, гранттың сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелденген шығындардың 70%-ын немесе жабдықтарды сатып алу үшін дәлелденген шығындардың 50%-ын құрайтынын, ал ақшалай түрде 400 млн. теңге болатынын баяндады.
"Салалардың технологиялық дамуына гранттың көлемі, лицензиялық шарт бойынша дәлелденген шығындардың 70% дейін және жабдықтарды сатып алу үшін дәлелденген шығындардың 50% дейін және технологиялық құзіретті арттыру бойынша дәлелденген шығындарға кеткен шығыстардың 85%-ын құрайды, ақшалай түрде 500 млн. теңгеге дейін. Ал Технологияларды коммерциялау грантының көлемі, дәлелденген шығындардың 50%-ын құрайды, ақшалай түрде 200 млн. теңге болады", – деді "ТДҰА" АҚ басшысы.
Айта кететін тағы бір жайт, грант түрлерінің әрқайсысы бойынша игеру мерзімі 36 айдан аспауға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу