Инновациялық технологиялар паркі ауқымын кеңейтті

962

Инновациялық технологиялар паркі ауқымын кеңейтті

Ал Ресейдің Сколково аймағындағы "Инновациялық технологиялар паркінде" Қазақстанның тұрақты бөлімшесі ашылды. Бұл еліміздің старт-ап жобаларын Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігін бағындыруға мүмкіндік беруіге тиіс.

Тұсаукесер рәсіміне премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған қазақ делегациясы барды. Бөлімше "Стартап-Қазақстан" бағдарламасы бойынша, алдағы 2 жылда 500-ге тарта жобаға қолдау көрсетуді жоспарлауда. Бұдан бөлек, шара барысында Асқар Жұмағалиев Ресей үкімет басшысының орынбасары Аркадий Дворковичпен кездесіп, ортақ экономикалық қарым-қатынасты дамытуда сандық жүйеге бірлесе көшу мәселесін талқылаған. Айта кетерлігі, биыл "Инновациялық технологиялар паркінде" ұйымдастырылған көрменің басты тақырыбы – цифрлік жүйеге көшу.

Асқар Жұмағалиев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

"Қазіргі таңда президент тапсырмасымен сәйкес Цифрлық Қазақстан бағдарлама жобасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз, осы бағдарлама ішінде біз ең маңызды элементтер анықтайтын боламыз. Біріншіден ол адами капиталды дамыту. Президент берген тапсырмаға сәйкес "Сколково" базасында Инновациялық технологиялар паркінің өкілдігін аштық. Ол біздің компанияларға, біздің стартаптарға ЕАЭО-та дамуға серпін береді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу