Инновациялық жоба енгізілді

1586

Инновациялық жоба енгізілді

Оқушылардың денсаулығын енді инновациялық әдіспен тексеруге болады, деп хабарлады 24.kz.

"Денсаулықты шұғыл тексеру" инновациялық жобасы елорданың 10 мектебінде өз жұмысын бастайды. Медициналық кабинетте балалардың денсаулығын әп-сәтте бақылап, диагнозын қоюға болады. Қанатқақты жоба күзде бірқатар мектепке, тәжірибе ретінде енгізілген болатын. Енді алдағы жарты жылда ілкімді жүйені қаладағы барлық білім ордасына енгізу көзделіп отыр.

"Бұл арқылы жоспарлы медициналық тексерулерді жүргізуге мүмкіндік туды. Қаладағы 84 мектепте 140 медбике жұмыс істейді. Мамандардың біліктілігін жоғарылату бойынша оқытатын боламыз", – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Нұрашева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу