Инновациялық жобалардың көрме-фестивалі өтеді

1422

Бұл  екі күндік ауқымды іс-шара 7-8 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді.

Инновациялық жобалардың көрме-фестивалі өтеді

Enactus Kazakhstan ұлттық офисі ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік грантын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылатын Инновациялық жобалардың көрме-фестиваліне шақырады.

Инновациялық жобалардың көрме-фестивалі жастар мен бизнес-тәлімгерлердің ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ инновациялық идеяларды өзгелерге таныстыру алаңы болмақ.

Көрме-фестивальге қатысу үшін инновациялық идея немесе бизнес-жоба ұсыну шарт. Жас ерекшелігіне қарай үміткерлер 3 санатқа бөлінетін болады:

- 13 жастан 16 жасқа дейін

- 17 жастан 23 жасқа дейін

- 24 жастан 32 жасқа дейін

Фестиваль қорытындысы бойынша 15 номинация бойынша жүлделі орындардың иелері анықталады.

Сонымен қатар, әлеуетті қатысушылар жазғы Business Innovation Acceleration Camp бизнес-лагерінде және аймақтық тренингтерде өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар.

Көрме-фестивальге қатысуға ниетті кез-келген адам www.enactuskazfest.kz сайты арқылы толық ақпаратты біле алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу