Инновациялық жобаларға байқау жарияланды

1392

Жалпы жүлде қоры – 5,250 млн теңгені құрайды. Өтініштер осы жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.

Инновациялық жобаларға байқау жарияланды

"Nurintech" республикалық жастар инновациялық жобалар байқауына өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты, "Жас Отан" жастар қанатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау, ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру.

Байқау "Әлеуметтік маңызды инновациялар", "Үздік жас ғалым" ,"Жастардың инновациялық жобасы" сияқты аталымдар бойынша өтеді. Жобаға оқушылар, студенттер, жас мұғалімдер, ғылыми институттың жас ғылыми қызметкерлері қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу