Инспектордың қазасына кінәлілер істі қайта тергеуге жіберуді сұрап отыр

829

Қамаудағылардың қорғаушылары олар қасақана кісі өлтірмегенін айтады. Сондықтан кісі өлтіру бабын жарақаттады дегенге ауыстыруды айтып, қайта тергеуді сұрайды.

Инспектордың қазасына кінәлілер істі қайта тергеуге жіберуді сұрап отыр

Қарағандыда мемлекеттік испектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы басталмай жатып, қарсы тараптар істі қайта тергеуге жіберуді сұрап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Жалпы, жауапқа Қызылорда қаласының 7 тұрғыны тартылмақ. Оның үшеуі – адам өлтіру, ал төртеуі – заңсыз аңшылықпен айналысты деген күдікке ілінген. Екі жақта да тергеудің толыққанды жүрмегеніне уәж айтты. Қамаудағылардың қорғаушылары олар қасақана кісі өлтірмегенін айтады. Сондықтан кісі өлтіру бабын жарақаттады дегенге ауыстыруды айтып, қайта тергеуді сұрайды. Ал жәбірленушілер, керісінше, қамауда отырғандардың қасына қалған төртеуді де қосу керек дейді. Өйткені олар қылмыстың жасалғанын жасырып, құзырлы мекемелерге хабарламаған.

Еске сала кетсек, 13 қаңтарда табиғат қорғау испекторлары елік атқандардың соңына түсіп, оларды 3 браконьер соққыға жыққан. Петр Ницык жарақатынан жазылса, Ерлан Нұрғалиев екі күн ес-түссіз жатып, жан тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу