Инспектордың өліміне кінәлі браконьерлердің кім екені анықталды

965

Қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Инспектордың өліміне кінәлі браконьерлердің кім екені анықталды

 "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторы Е. Нұрғалиевтің өліміне қатысы бар барлық браконьерлер анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Аталған факті бойынша Қарағанды облыстық полиция департаменті тергеу басқармасымен ҚР ҚК 99 бабы 2 тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні кешенді тергеу шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасауға қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлермен арадағы қақтығысқа қаза тапқан инспектордың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", – деді Алмас Садубаев.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында қайтыс болған еді. 

Ал бүгін парламент мәжілісінде тілшілерге бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин бұл істі бас прокурор Қайрат Қожамжаров тікелей бақылауына алғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу