Инспекторлар 112 мың теңгеге өмір сүріп отыр

1205

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин сенатта өткен үкімет сағатында аумақтық департаменттердегі инспекторлардың айлық жалақысы мардымсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Инспекторлар 112 мың теңгеге өмір сүріп отыр

"Аумақтық департаменттердің инспекторларына айына орта есеппен 136 мың теңге төленеді. Салық пен әлеуметтік аударым шегерілгенде инспекторлардың қолына 112 мың теңге тиеді. Инспекторлар үнемі қауіпті өндірістік нысандарда жүреді. Олардың да денсаулығына зиян келеді. Алайда қауіп-қатерге қарамастан, инспекторларға қандай да бір әлеуметтік, оның ішінде медициналық қызмет көрсету бойынша кепілдік жоқ", – деді министр. 

Юрий Ильин бақыланатын нысандар санының көбеюі мен инспекторлардың штат санының қысқаруы тексерудің сапасына әсер етуі мүмкін екенін айтты. 

"Салдарынан ауқымды техногендік апат саны артады", – деді Юрий Ильин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу