Инспекторлар елімізге әкелінген 560 тонна жеміске шектеу қойды

851

Елімізге 560 тонна фитосанитарлық қауіптілігі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз алып кірмек болғандардың жолы кесілді. 

Инспекторлар елімізге әкелінген 560 тонна жеміске шектеу қойды

Ауыл шаруашылық министрлігі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының айтуынша, бір апта ішінде 26 факт анықталған. Нақтырақ айтсақ, Ресейден фитосанитарлық сертификатсыз Қазақстанға 54 тонна сәбіз, 10 тонна қырыққабат, 40 тонна картоп және қызылша, 20 тонна бидай, 19,5 тонна жеміс, сондай-ақ 2 мың гүл және Ираннан ел нарығына фитосанитарлық сертификаты жоқ 174 тонна алма және 249 тонна кептірілген жеміс кіргізілмек болған. Өсімдіктер карантині саласындағы заң талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Сонымен қатар,  инспекторлар ел аумағына қаптама таңбасы жоқ Өзбекстаннан келген 23 тоннадан астам жеміс, оның ішінде 6 тонна анар және 30 тонна сәбіздің кіруіне тыйым салды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу