Инспекторларды атқан браконьерлер ұсталды

1032

Ұсталғандар Арқалық қаласының тұрғыны мен оның 20 жастағы ұлы болып шықты. 

Инспекторларды атқан браконьерлер ұсталды

Полицейлер "Охотзоопром" ӨБ РМҚК Ақмола филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілерді із суытпастан қолға түсірді, деп хабарлайды 24.kz.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Ақмола облысы полиция департаментінің полицейлері аңшылық шаруашылық қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсірді. Ұсталғандар Арқалық қаласында тұратын әкелі-балалы болып шықты.

45 жастағы әкесі мен оның 20 жастағы ұлы қылмыстық айғақтарды жою үшін автокөліктен құтылмақ болған. Алайда тәртіп сақшыларының бірлесіп әрекет етуінің арқасында күдіктінің екеуі де Қостанай облысының аумағында ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу