Инспекторлардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

781

Инспекторлардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24.kz.

Жауапты тұлғалар "Алакөл жағасындағы балықшыларға жарты тоннадан астам балықты заңсыз аулады" деп жалған хаттама толтырған. Соның кесірінен маусымдық жұмысқа байланысты жасалған келісімшарт бұзылып, жұмысы тоқтап қалған кәсіпкерлердің бірі Алакөл аудандық прокуратурасына шағымданды. Нәтижесінде инспекторлардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Енді олар заң алдында жауап беретін болады.  

"Жасалмаған құқықбұзушылықтарды жасады деп әкімшілік хаттама толтырған. Бейсембаев шаруа қожалығының арызын тексеру кезінде аталған шаруақожалық басшысының уәждері толығымен дәлелін тапты. Арнайы экспертиза қорытындысы негізінде жалған хаттамалар толтырылғаны анықталып отыр", - Алакөл аудандық прокуратурасының аға прокуроры Әділет Әлімқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу