Америкалық Instagram әлеуметтік желісі ақылы жазылым функциясын енгізбек, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
"Осы аптада біз Instagram-да жазылымдардың алғашқы нұсқасын іске қосамыз. Жазылым контент жасаушыларға ақша табуға мүмкіндік береді", – деді әлеуметтік желі басшысы Адам Моссери.
Ақылы парақшаға жазылғандар эксклюзивті эфирлер мен Stories (олардың арнайы белгісі болады) көре алады. Сондай-ақ фолловердің аккаунтының жанында оның ақылы парақшаға тіркелгені көрініп тұрады. Қазір бұл функцияны тестілеу АҚШ-та өтіп жатыр.
Instagram – бұл фотосуреттерді, суреттер мен видеоларды жариялауға және бағалауға арналған әлеуметтік желі элементтері бар қосымша.
Ол 2012 жылдан бері америкалық Facebook (жақында атауы Meta деп өзгертілді) компаниясына тиесілі.
Табиғат Нұрболат