Instagram арқылы капиталын көбейтпек болған әйел ақшасынан айрылды

748

Алаяқтарға аударылған жалпы сома – 5 миллион теңгеден астам.

Instagram арқылы капиталын көбейтпек болған әйел ақшасынан айрылды Фото: google.com

Ақмолалық әйел алаяқтардың құрығына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.  

Өтініш берушінің айтуынша, ағымдағы жылдың қыркүйегінде Instagram әлеуметтік желісінде оның назарын капиталды көбейту және дивидендтер алу мүмкіндігі туралы хабарлама аударған. Аталған сілтеме бойынша өтіп, шағын сауалнаманы толтырған ақмолалық тұрғын бағдарламаға тіркелген, сол мезетте оның телефонына бір консультанттан қоңырау түскен.

Күні бойы алаяқтар өтініш берушіні барлық нұсқауды орындап, ақша аудару қажет деп сендірген.  Осы бағдарламаның заңдылығы туралы сұрақтарға алаяқтар деректемелері бар құжаттар ұсынған.

Талап етілген соманы аудару үшін өтініш беруші депозиттегі жинақтарды пайдаланып, достарынан қарыз алған, сондай-ақ банкте несие рәсімдеген. Алаяқтарға аударылған жалпы сома – 5 миллион теңгеден астам.

 Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында хат-хабарлар, қоңыраулар түскен телефон нөмірлері тәркіленді. Тергеу жалғасуда.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу