Instagram біртіндеп лүпіл санын жасырмақ

1282

Сәрсенбіде Facebook-ке тиесілі компания like санын жасыратын сынақтың бірқатар елде өткізілетінін жариялады. 

Instagram біртіндеп лүпіл санын жасырмақ

CBS басылымының хабарлауынша, жақын күндері Ирландия, Италия, Жапония, Бразилия, Австралия және Жаңа Зеландияда Instagram-да кімнің қанша лүпіл алғаны көрінбейтін болады. Мамыр айында компания мұндай тестті Канадада өткізген еді. 

Instagram өкілдерінің айтуынша, қолданушылар сурет пен видеоның қанша адамға ұнағанына емес, олардың сапасына мән беруге тиіс. Әйтсе де аккаунт иесіне қанша адамның лүпіл басқаны көрінеді.

Кейбір қолданушылар үшін like-тің аздығы олардың өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді. 

Ұлыбританияның денсаулық сақтау қоғамының дерегі бойынша, Instagram жасөспірімдердің психикалық денсаулығына ең зиян әлеуметтік желі саналады. 

Сондай-ақ компания адамның намысына тиетін пікірлер туралы хабар беретін жасанды интеллектті іске қоспақ.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу